МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы «Классик» мейрамханасы ас мәзіріне өзгерту енгізіп, тұрғындарды мексикалық таңсық аспен қуантпақ

Мұның барлығы құрбыларымен тамақтануға келген Елена Листопадтың көңілінен шығыпты. Дастархан мексика асханасының негізі бөлігі чили бұрышымен безендіріліпті. Одан жасалған сальве және барбекю тұздықтарының дәмі ерекше тіл үйіреді дейді мейман.

Елена Листопад:

-Біздің қалада мексика асханасы алғаш пайда болып отыр. Бүгін мұндағылар таңсық астың көптеген түрлерін ұсынды. Тағамдардың бәрі ерекше дәмді. Әсіресе дәмдеуіш қосылған кәуәп пен тауық еті ұнады.

Ал қазір мейрамхананың бас аспазы «Бурито» аталатын тағамды әзірлеп жатыр. Ол нанды жұқа етіп жайып, табада қуырып алады. Дайын қытырлақтың бетіне ет салып әдемі етіп көмкерілгеннен кейін дастарғанға ащы тұздықпен тартылады.

Алесандр Зимин, бас аспаз:

-Мексика тағамдары әзірлену күрделілігі бойынша ерекшеленеді. Негізінен дастарханға ет және көкөністермен қойылады. Ащылығымен ерекше.

Жалпы, бұған дейін мейрамханада еуропа және шығыстың тағамдары әзірленіп келген.

Ильина Попова, «Классик» мейрамханасының басқарушысы:

-Мексика асханасы – ет тағамдары мен сан түрлі өткір иісті тұздықтарға бай. Біздің қаламызда алғаш рет әзірленіп отыр. Конақтарымыз дәмді әрі ерекше тағамдарға құмар. Сондықтан ас мәзіріне жаңашылдық енгізгенді жөн санадық. Мәселен, Тахис, Фахитос, Инчиладос сынды тамақтар қамыр мен еттен жасалады. Өте тойымды.

«Классик» мейрамханасы 2013 жылдан бері қызмет етеді. Мұнда 70 адамға шақталған және 30 кісілік қос шағын зал орналасқан.

 

Акбопе Танирберген