Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Пиротехника” жедел алдын алу шарасы өтуде

-Мы вот только что привезли, еще не успели взять разрешение. Из за этого вот изымают.

Сатушының айтуынша бұл тауарлар Алматы қаласынан алынған. Ал тиісті құжаттардың жоқтығын уақыттың жетіспеушілігімен түсіндіруде. Құқықбұзушы қалай ақталса да сертификатталмаған пиротехника саудаға жіберілмейтіні айдан анық.

Қизат Бисенов – Петропавл қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторы:

 

-Рейд барысында Жамбыл облысының 21 жасар тұрғыны ұсталды. Құрықталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жалпы 15-ші желтоқсанда басталған “Пиротехника” жедел алдын алу шарасы барысында облыстық әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен 60-тан астам рейд жүргізілген. Нәтижесінде 300-ге жуық сертификатталмаған пиротехника тәркіленіпті.
Өңірдің тәртіп сақшылары мен құтқарушылары қала тұрғындарын өз өміріне қауіп төндірмей пиротехникаларды ҚР мен Кедендік Одақтың сертификаты бар арнайы дүкендерден сатып алуға шақырады. Ал рейдтік шаралар желтоқсанның 30-на дейін жалғаспақ.

 

Риат Шони