МТРА жаңалықтары

Биыл “Қызылжар су” серіктестігі инвестициялық жоба аясында 387 миллион теңгені игерген

Арман Сауытов – “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры:

 

-Сондай-ақ, бөлінген ақшаға Рузаев көшесіндегі кәріздік сорғы станциясын қайта жаңғыртудан өткіздік. Үстіміздегі жылы 3 ассенизаторлық көлік, 1 кран-манипулятор мен техника жөндейтін шеберхана сатып алынды. Мұнымен қоса мекеме 2-ші сорғы станциясы мен Петропавл қаласындағы 6 бірдей кәріз станциясын жаңартты.

Бүгінде қаладағы кәріздік желілер 70 пайызға тозған. Бір инвестициялық бағдарлама арқылы бұл кем-кетікті жою мүмкін болмай тұр. Осыны ескере келе кәсіпорын басшылығы биыл қазан айында Еуропалық қайта құру және даму банкімен несие келісімшартына қол қойған. Құны 3 миллиард 850 миллон теңгенің меморандумы – 2016-2018 жылдары жүзеге асырылмақ. Жаңғырту жұмыстары сәтті іске асқан жағдайда құбырлар мен желілердің тозу көрсеткіші біршама төмендейтіндігін айтады, – “Қызылжар су” серіктестігінің техникалық директоры Арман Сауытов.

Арман Сауытов – “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры:

-Ағымдағы жылы Еуропалық қайта құру және даму банкі біздің қаржылық және техникалық мүмкіндіктерімізге баға берді. Тексеріс қорытындысына сәйкес кәсіпорынның инвестициялық жобасы жасалды. Осының арқасында алдағы жылдары 1-ші сорғы станциясын заманауи үлгісіне ауыстырамыз. Тағы қоса ілмекті арматура мен технологиялық құбырларды жаңарту көзделуде.

Дегенмен, тұтынған тіршілік көзіне ай сайынғы төлемін жасаудан жалтаратындар да баршылық. Заңды және жеке тұлғалардың қарызы осы күні 30 миллион теңгеге жеткен. Жалпы петропавлдықтар ауыз сумен қамтушы мекеме жұмысына көңілдері толатындығын айтуда.

-Менің үйімде үнемі су бар. Жаз айында жөндеу жүргізгенде қиындық туып жатады, негізінен жұмыстарына ризамын.

-Жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Ауыз суды еш себепсіз ағытып тастамайды. Атқарған шаруларына көңілім толады.

Қазіргі уақытта кәсіпорын облыс орталығындағы 85 мың 620 абонентті күнделікті ауыз сумен қамтып келеді.

 

Бакыт Садуакасов