Өнеркәсіп

Петропавлдағы “Сүт одағы” ЖШС биыл 900 млн теңгенің тауарын шығарған

Наталья Федотова – “Сүт одағы” ЖШС технологы:

-Ең алдымен дайын емес ірімшік қондырғының араластырғыш бункеріне салынады. Онда өнім толыққанды араластырылады. Содан кейін ірімшік аппараттың келесі қоймасына жетеді. Ол жерде жартылай дайын тауар 85 градустағы сумен жуылып, тазартылады. Бұл процесте жұмысшыларға ешқандай ауыртпалық түспейді.

Жалпы “Сүт одағы” серіктестігі тауардың 50-ден аса түрін шығарады. Күнделікті тұрмыста тұтынатын сүт, айран, қаймақ және сары майдың сан түрі осында жасалады. Сондай-ақ, өндіріс ошағы ірімшіктің 8 аталымын әзірлейді екен. Өнімнің бір бөлігі елімізде қалса, қалғаны көршілес Ресейге саудаланады.

Ирина Давлетбаева – “Сүт одағы” ЖШС зертхана меңгерушісі:

-Қазіргі уақытта өзімізде дайындалатын ірімшіктің 30-35 пайызын еліміздің бірқатар қалаларына саудалаймыз. Ал, биыл 15 тонна өнім РФ сатылды. Одан серіктестікке 10 миллион теңгедей пайда түсті. Біздегі ірімшіктердің ең арзаны келісі 870 теңге болса, ең қымбаты 1240 теңге тұрады. Алдағы уақытта тауар санын арттырып, сауда көлемін ұлғайту ойда бар.

Биылғы жылы серіктестік мемлекет қолдауына жүгініп, “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасы аясында 77 миллион теңге қаражат алған. Оның бір бөлігіне шетелден өндіріске қажет бірнеше қондырғы әкелінген.

 

 

Култанов Байболат