Спорт

Петропавлда таэекван-додан қалалық ашық біріншілік өтті

Таисия Малыгина – жарысқа қатысушы:

-Жаңа қарсыласымды жеңіп шығу маған қиынға соқпады. Таэквондомен бертін келе айналысып жүрмін. Енді ақтық бәсекеде жеңіске жетуім керек.

Биыл таэквон-додан қалалық ашық біріншілікке 5-тен 13 жасқа дейінгі 85 бала қатысуда. Турнирге келушілер бірінші болып 5 пен 6 жастағы кішкентай спортшылардың жекпе-жегін тамашалады. Өңірлік таэкван-до федерациясының басшылығы соңғы жылдары балалар арасында бұл спорт түріне деген қызығушылық артып келетіндігін айтады.

Владимир Хван – СҚО таэкван-до федерациясының президенті:

-Соңғы жылдары таэкван-до үйірмелерінде балалардың саны артып келеді. Ол өте қуантарлық жағдай. Қазірдің өзінде облыста 1500-дей жеткіншек осы спортпен шұғылданады. Бүгінгі жарысқа келер болсам, ашық біріншілікті жылда өткізіп тұрамыз. Ереже бойынша ұпай қарсыласыңа аяқпен және қолмен соққы жасағанда беріледі. Егер секіріп барып аяқпен басқа тепсең де жоғарғы ұпай алуға мүмкіндік бар.

Жарыс соңында жеңімпаздар диплом және мақтау қағаздарымен марапатталатын болады.

 

 

Бакыт Садуакасов