Құқық қорғау органдары

Облыстық ІІД бастығы “Жыл адамы” атанды

Жұмыс орнында отырып, мұндай тосын сыйды күтпеген генерал-майордың біраз абдырап қалғаны да рас. Бірақ, сын сағатта жедел шешім шығаруға үйреніп қалған Берік Біләлов өзін құттықтауға келген төртінші билік өкілдеріне тәртіп сақшыларының биылғы жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндап берді.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

-Бұл менің ғана емес, күллі тәртіп сақшыларының еңбегі деп білемін. Өйткені, 2015 жылы ұжымымыз ауқымды жұмыстарды атқарды. Қылмыстарды ашу көрсеткіші артып отыр. Қоғамдық тәртіпті қадағалау ісі де оң жолға қойылған. Материалдық-техникалық база жақсарып келеді. Бұл жұмыстарды әрі қарай да жалғастыратын боламыз.

Берік Біләловтың қарамағында жұмыс жасайтындар оны мақтан тұтады. Өйткені, одан көп нәрсе үйренуге болады дейді.

Алтынбек Тиыштыбаев – СҚО ІІД бөлімінің бастығы:

-Берік Біләлов – біз үшін үлгі.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші журналистер қауымы Берік Біләлов, шынымен де антына адал, сертіне берік жан дейді. Сондықтан, ұсынылған бірнеше кандидатураның арасынан өңірдің бас полицейін БАҚ өкілдері осы аталымға лайықты деп тапқан.

Ерлан Тоқшылық – «ҚР журналистер одағы» СҚОФ төрағасы:

-Өңіріміздегі қылмыстар ашу көрсеткіші артты. Оны республика да атап өтті. Екіншіден осы ІІД атқаруымен ҰОС адрагері Чижиковке ескерткіш ашылды. Сондықтан біз осы кісіге осындай марапат беруге келдік.

Мұндай марапат соңғы рет 90-шы жылдары табысталыпты. Алайда, содан кейін бұл үрдіс біраз қалып қойса да, биыл облыстық журналистер одағы оны қайтадан жандандырған. Алдағы уақытта бұл игі дәстүрге айналмақ.

 

 

Магжан Ахмадина