МТРА жаңалықтары

Әскерилер қоян-қолтық ұрыстан күш сынасты

Дархан Дәулет – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты:

-3 кездесу өткіздім. Алда Ұлттық Ұлан біріншілігіне қатысып сонда жеңімпаз атану. Дайындық та ойдағыдай болды. Бұған дейін самбодан болған чемпионатта 1-ші орынды жеңіп алдым.

Әскери институт курсанттары арасында қоян-қолтық ұрыстан ашық біріншілік жылда өткізіліп тұрады. Дәстүрлі жарыста бұл жолы 7 салмақ дәрежесінде 82 спортшы сайысуда. Күні кеше болашақ офицерлер өз ішінде іріктеу өткізіп, бүгін ақтық кезеңінде күш сынасып жатыр.

Бауыржан Досжанов – ҚР ҰҰ Әскери институтының дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы:

-Жарыстың негізгі талаптары мен міндеттері курсанттардың моралдық және психологиялық қасиеттерін дамыту болып табылады. ҚР Презиенті бізге қойған жоспарларының бірі дене күшін дамытып, денсаулықтарын өсіру деген еді. Балды есептегенде жамбасқа лақтырса 1 ұпай, арқасына түссе 2 балл, қолмен соққы жасаса 2 ұпай беріледі.

Жалпы чемпионат жеңімпаздары келер жылы Шымкент қаласында қоян-қолтық ұрыстан өтетін ашық біріншілікке жолдама алады.

 

 

Бакыт Садуакасов