Білім

Қызылжар ауданында жабық үлгідегі жаңа теннис корты ашылды

Болат Жұмабеков – Қызылжар ауданының әкімі:

-Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтаймын. Мына, бүгін жиналып жатқан себеміміз жаңа теннис корты ашылып жатыр. Біріншіден Олег Николаевичке алғысымды айтқым келет. Шынында да жаңа кешеннің ашылу Тәуелсіздік күні ерекше болды.

Осыдан соң спорт кешенінің салтанатты түрде таспасы қиылды.

Жаңа корттың аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Мұнда теннис ойнағысы келетін адамдарға барлық жағдай жасалған. Ғимараттың іші жарық, жылы және төселген жасанды шөбі бар. Нысанның жалпы құрылысына 30 миллион теңге жұмсалған.

Олег Васильев – “Васильев” ЖК директоры:

-Үлкен теннисті облысымызда дамыту керек. Сол үшін осы сынды нысандарды тұрғызып, халыққа пайдалануға беру керек деп ойлаймын. Салауатты өмір салтын ұстансақ, ұрпақтың та дені сау болады.

Сондай-ақ, енді мұнда “Spartak” теннис клубы да жұмысын бастады. Олар өз қатарларына болашақ ракеткашыларды шақыруда. Білікті мамандар жасөспірімдерге үлкен теннистың қыр-сырын үйретуге дайын.

Татьяна Зайнутдинова – “Spartak” теннис клубының жаттықтырушысы:

-Бізде бұрындары қыс айларында үлкен теннис ойнауға жағдай болмайтын. Енді жаңа корт ашылысымен осында жаттығамыз. Теннис үйренеміз деуші жастарға айтарым, бізге келіңіздер. “Spartak” теннис клубы болашақ спортшыларды өз қатарына шақырады.

Айта кеткен жөн, жаңа теннис кортында кез келген тұрғын да барып бос уақытын өткізе алады. Ол үшін 1 сағатқа мың жарым теңге төлесе болғаны.

 

 

Култанов Байболат