МТРА жаңалықтары

“Сбербанктің” жергілікті филиалы “Ыстық қыс” акциясының қорытындысын жариялады

Ал енді тамыздың 5-і күні басталған “Ыстық қыс” шарасында туристік жолдаманың сертификаты сарапқа салыныпты. Дәл қазір 5 айға созылған акцияның қорытындысы шығарылуда. Ең әуелі тұрмыстық техниканың 15 сертификаты мен 2 планшет, 1 теледидар және 5 кәдесый монеталардың иегерлері анықталды. Ал енді кезек бас жүлдеге де келіп жетті. Сонымен, шара жеңімпазы белгілі болды.

Жалпы бұл шараға қатысу үшін банк клиенттері арнайы шарттарды орындауы қажет болатын. Негізі акцияда Петропавл бойынша мыңнан астам адам бағын сынауға бел буыпты.

Петр Салохин – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының директоры:

-Бұл акцияға банктің кез келген клиенті қатыса алды. Бастысы екі шартты орындау қажет. Ол – сомасы 100 мың теңге болатын депозит ашу және де Сбербанктің картасымен кемінде бір рет транзакция жасау керек болатын. Бүгін, міне барлық шарттарды орындаған клиенттер арасынан жеңімпазды анықтадық. Сыйлық иесін таңдауда біз сандық генераторды пайдаландық.

Сонымен кезек шара жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттауға да келіп жетті. Теледидар петропавлдық зейнеткер Николай Жумалеевқа бұйырды.

Николай Жумалеев – зейнеткер:

-Басында депозитті басқа бір банкте ашпақшы болғанмын, бірақ онда валютаға байланысты бір мәселелер туындап қалды. Кейін осында келдім. Мұнда маған кеңесшілер осындай акция жүргізіліп жатқандығын айтты. Мен ойланбастан қатысуды жөн санадым. Енді міне теледидардың иегері атанып отырмын. Өте қуаныштымын.

Ал бас жүлде – сомасы 400 мың теңге болатын туристік жолдаманың сертификатын 26 жастағы Юлия Журавлева иеленді. Нәзік жанды қыс уақытында қай елге барып демалатынымды әлі шешкен жоқпын, бірақ Азия елдерінің біріне барғым келеді дейді.

Юлия Журавлева – акция жеңімпазы:

-Жеңімпаз анықталған күні мен жұмыста болғанмын. Түскі асқа үзіліс кезінде маған “Сбербанк” АҚ Еншілес Банкі Петропавл қалалық филиалының директоры қоңырау шалып, бас жүлденің иегері атанғанымды айтты. Бастапқыда сеніңкіремедім. Кейін банктің менеджерімен сөйлестім, ол директордың сөзін растады. Енді қай елге барып демалатынымды білмей отырмын. Бәлкім Тайланд немесе Вьетнамға барармын.

“Ыстық қыс” акциясының жалпы ұтыс қоры 1 млн 200 мың теңге көлемінде болды.

 

 

Риат Шони