Денсаулық сақтау

Петропавлда жаңа дәріхана ашылды

Раушан Төлегенова – 36,6 дәріханалық маркетінің меңгерушісі:

-Бізде дәрі-дәрмектерді үйге жеткізу қызметі бар. Тағы телефон арқылы кеңестер ала алады тұрғындар.

«Р-Фарм» ЖШС директоры Раушан Ералинаның бұл – қала бойынша ашып отырған осымен 3-ші дәріханасы. Алғашқылары бұған қарағанда біршама шағын болған.

Раушан Ералина – «Р-Фарм» ЖШС директоры:

-Дәріханаларды ашуда біз мемлекет қолдауын пайдаландық. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау аясында «Дельта банк» арқылы 1 жылға 6 пайыздық үстемеақымен 10 млн теңге несие алып, оны бизнесімізді кеңейтуге жұмсап отырмыз. Қалағаны – өз қаржымыз.

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов дәріхананың ішін аралап, тұрғындарға жасалған жағдаймен танысты.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Тәуелсіздік күні қарсаңында қаламызда аптекалық маркет ашылып отыр. 250 шаршы метрге аумаққа жайғастырылған дәріхана әйелдер бизнесін дамытуға бағытталған. Қызықты жоба. Мұнда ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлерге жақсы жеңілдіктер қарастырылған.

Нысанның ашылуы арқасында 15 петропавлдық екі қолға бір күрекпен қамтылып отыр. Мұнда емдік косметика, медициналық техника және қант диабетіне шалдыққандарға арналған препараттар сататын арнайы бөлімдер бар. Қала тұрғындары шаһарымызда кең, жарық әрі заманауи дәріхананың ашылғанына қуанышты.

-Қызмет көрсетулері жақсы. Келсең мамдар кеңес береді.

-Мұндай дәріхананың ашылуы керек деп санаймын. Бәрі бар.

Мұндағы тауарлардың бағасы өзге дәріханалармен салыстырғанда біршама арзан. Ал зейнеткерлерге 10 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған.

 

 

Магжан Ахмадина