Спорт

Петропавлда “Скиф” қонақ үй кешенінде жаңа фитнес зал жұмыс істеуде

Виталий Качкин:

-Жасым 40-қа келгендіктен емханаға барып толық тексеруден өттім. Нәтижесінде қан айналымымның нашар екенін білдім. Сондықтан, спортзалға барып, салауатты өмір салтын ұстану керек деп шештім. Сол уақыттан бері бұл орталыққа үздіксіз келіп тұратын болдым. Тренажерлар өте көп, жаңа зал ашылып, тіпті қуанып қалдық.

Мұндағы жаңа құрылғы – мультистанцида 10 адам бір уақытта бір-біріне еш кедергі жасамастан спортпен айналыса алады. Жалпы фитнес залда жаттығу үшін берілетін 30 күндік абонементтің құны – 6500 теңге. Сондай-ақ, косметолог, массаж, солярий қызметтері де бар. Орталық таңертеңгі 7-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Олжас Игібаев, «Carat Reality» ЖШС директоры:

-Біз әлемдік деңгейдегі спорттық тренажерлер шығаратын “Техноджи” кампаниясынан жаңа заманауи құрылғылар сатып алдық. Бұл кампания 2000 жылдан бері Олимпиада ойындарына спорт құралдарын ұсынып келеді. Негізі, біздің орталықтың ашылғанына біраз уақыт болды. Келушілер санының күн өте көбейіп келе жатқанын байқадық. Сондықтан, өз клиенттеріміз үшін осындай ыңғайлы залды ашуды дұрыс көрдік.

Мұнда келушілермен 6 бірдей білікті жаттықтырушы жұмыс жасайды. Олардың бірі – Роман Огородник. Бапкер – зілтемір көтеруден ҚР спорт шебері.

Роман Огородник, жаттықтырушы:

-Маған спортқа қызығушылық танытатын адамдармен жұмыс істеген ұнайды. Оларды жаттықтырып қана қоймай, әр келушінің тілін таба білуіміз шарт.

Орталық қызметкерлері жаңа залдың алғашқы күнгі келушілеріне арнайы мерекелік бағдарлама ұсынды.


 

Акбопе Танирберген