Қоғам

Өңірдің мәдениет саласының үздік қызметкерлері марапатталды

Анархан Дүйсенова – облыс әкімінің орынбасары:

-Тәуелсіздік жылдары мәдениет саласы жаңа серпінмен жаңғырып, мәдени мұараларымызбен қайта қауыштық. Мәдениет нысандарын сақтау мен дамыту, шағын елді-мекендерде демалыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар маңызды міндеттеріміздің бірі.

Ең алдымен ұзақ жылғы адал еңбегі мен облыстың мәдениет саласын дамытуға үлес қосқан азаматтар аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Тағы бірқатар азаматтарға Министрліктің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісі табыс етілді. Мұндай марапатқа ие болғандардың бірі – Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайының директоры Уәлихан Құлбаев.

Уәлихан Құлбаев – Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайының директоры, Айыртау ауданы:

-Қазіргі таңда біздің мұражайда 7,5 мың жәдігерлер бар. Біздің мұражайға үнемі оқушылар мен шетел азаматтары келіп тұрады.

Жалпы бұл күні құрмет пен қошеметке мәдениет және өнер саласының 27 қызметкері бөленді.

 

 

Бакыт Садуакасов