МТРА жаңалықтары

“Скиф” қонақ үй кешенінде екінші фитнес зал ашылды

Олжас Игібаев – «Carat Reality» ЖШС директоры:

-Біз «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен несие алдық. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 14%. Оның тең жартысы мемлекет есебінен өтеледі. Бұл көмекке «Даму» қоры арқылы қол жеткізіп отырмыз. Қаражатқа Италиядан 40 спорттық құрылғы сатып алдық. Келушілердің ойынан шығады деп ойлаймын.

Залдың аумағы 250 шаршы метрді құрайды. Енді мұнда бір уақытта 50-ге тарта адам спортпен шұғылдана алады. Жаңа фитнес залдың таспасын облыс әкімі Ерік Сұлтанов қиды.

Бұдан соң өңір басшысы нысанды аралап, солтүстікқазақсандықтардың спортпен шұғылдану үшін жағдай жасалып жатқандығын айтты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Негізі бұл – жақсы жоба. Бүгінде қазақстандықтар дене шынықтырумен жиі айналысады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарының 30%-ы спортпен шұғылдануы керек деп айтқан болатын. Бұл тапсырманы орындауға осындай орталықтар септігін тигізеді деп сенемін. Істеріңізге сәттілік тілеймін.

Орталықта қазір 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның алтауы – жоғары білікті жаттықтырушылар.

 

 

Айгерим Ержанова