Қоғам

Петропавлда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 22 балаға жеке есеп-шот ашылды

Марат Тасмағанбетов – “Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының төрағасы, Петропавл қаласының әкімі:

-Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өмірге келген әр балаға әлеуметтік көмек көрсету қажеттігін баса айтты. Бұл тапсырманы орындау аясында қазір облысымызда 13 бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың бастамасымен биыл қаламыздың ықшам аудандарында 23 футбол алаңы, 15 хоккей корты салынды. Сондай-ақ, дене шынықтыру орындары да ашылуда.

Бүгін де мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі бойынша ақшалай салым иегерлері – жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 22 балғынға сертификаттар табыс етілді. Бұл игі іске Облыстық және қалалық маслихаттардың депутаттары мен жеке кәсіпкерлер қолдау танытқан. Болашақта жиналған қаражат жастардың білім алуларына жұмсалады.

Галина Семенова – қалалық мәслихаттың депутаты:

-Мен Полина Усачева есімді қызға жеке депозиттік есеп-шот аштым. Алдағы уақытта шотқа үнемі ақша салып тұрамын. Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің болашағы. Оларға көмек көрсету керекпіз.

Айта кеткен жөн, депозиттік есеп-шоттағы ақшаға мемлекет тарапынан әр ай сайын 10 пайыз қосылып отырады. Ал, келер жылдың қантар айында бұл көрсеткіш тағы 7 пайызға артпақ.

Любовь Сильченко:

-Мен Елбасының біз сияқты отбасыларға жасаған көмегіне ризамын. Әрқашан “Мектепке жол” сынды акцияларда құрал-жабдық алып отырамыз. Енді, немеремнің білім алуына төлейтін қаражат үшін уайымдамасам да болады.

«Нұр Отан» партиясының қолдауының арқасында ел бойынша 2014 жылы жетім балалар үйінің 500-ден аса тәрбиеленушісі баспанамен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 7 мыңға жуық балғынға жеке есеп-шот ашылған.

 

 

Култанов Байболат