Спорт

Петропавлда юниорлар арасында спорттық сәнді биден ел кубогі үшін ашық чемпионат өтті

Полина Лашина – сайысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

-Мен сәнді би спортымен 2 жыл бойы айналысамын. Ал, Дмитрий екеуіміз 4 ай билеп келеміз. Мұндағы барлық жұптар мықты. Бірақ, біз жеңіске жету үшін барымызды салудамыз. Жақсы дайындалдық.

Сайысқа қатысушылар вальс, ча-ча-ча, румба билері бойынша өнер көрсетулері тиіс. Бағын сынаушылардың дені – республикалық жарыстардың жеңімпаздары. Жалпы, осымен 15-ші рет ұйымдастырылып отырған спорттық сәнді би жарысында 60-қа тарта жұп бәсекеге түсуде. Ең кіші қатысушының жасы – 4-те. Бишілердің өнерін қазақстандық және Ресей, Грузия, Украина, Белорусь елдерінен келген қазылар бағалайды.
Сонымен, сайыста 1-ші орынды биыл әлемнің жас ханшайымы атанған қарағандылық Алина Комиссарова мен балалар телеарнасының жүргізушісі Алан Рыбалкин жеңіп алды. Бұл жұптың бірге билеп келе жатқандарына 1 ай ғана болыпты.

Алан Рыбалкин – сайысқа қатысушы, Қарағанды қаласы:

-Бүгін біздің жұбымыз спорттық сәнді биден Қазақстан кубогының ашық чемпионатында жеңімпаз атанды. Қуанышымда шек жоқ. Жаттықтырушыларыма үлкен рахмет. Жеңіске жету үшін барымызды салдық.

Алина Комиссарова – сайысқа қатысушы, Қарағанды қаласы:

-Бапкерлеріме алғысымды білдіремін. Жеңіске жеткенімізге біз өте қуаныштымыз. Бұл чемпионатқа біз тыңғылықты дайындалған едік.

Би сайысының соңында жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар кубок, медаль
және бағалы сыйлықтармен де марапатталды.

 

 

Сагыныш Маркашева