Спорт

Петропавлда биатлоннан облыстық чемпионат өтті

Николай Бахура, жарысқа қатысушы:

-Бірнеше минуттардан кейін жарыс басталады. Ұзақ уақыт дайындалдым. Сондықтан үздік үштікке енемін деген үмітім бар.

Әне-міне дегенше спорттық сын басталып та кетті. Жарыс шарты бойынша ойыншының жас мөлшері, жылдам сырғуы және нысанаға дөп тигізуі ескеріледі. Бұлардың барлығы төрешілердің қатаң бақылауында.

Игорь Ильин, биатлоннан СҚО аға бапкері:

-Ересек топтағылар 7,5 км-ге жүгіреді. Одан бөлек, екі ату алаңында жатып және тік тұрып оқ атулары керек. Ал, кіші топ 2 км қашықтықты бағындырады. Әр мүлт кеткен қатысушы айып ретінде 150 метрлік шеңберді айналып шығады.

Бапкерлердің айтуынша, балаларды шаңғы спортына ертерек баулыса, кейін олардың көрсетер нәтижесі соғұрлым жоғары болады екен. Міне, ересек топтан кейін сөреге жас спортшылар шығуда. Олар арқаларына пневматикалық мылтық асынбайды. Балақайлар үшін сайыс шарты едәуір жеңілдетілген. Қорытынды бойынша жеңімпаз деп танылғандар медаль, кубок, дипломдармен марапатталып, республикалық сынға жолдама иеленетін болады.


Акбопе Танирберген