Қоғам

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 2015 жылды қорытындылады

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары:

-Жыр алыбы Жамбыл бабаның “жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар” деген даналық сөзі бар. Шындығында да ел бірлігі болмаса экономика мен әлеуметтік даму тұрмақ тәуелсіздікпен тұғырлылық жайлы сөз айту шама жетпес еді. 01:17 Бүгінгі күні ұлтаралық тату мен келісімді сақтау мәселесінде үлкен рөл атқаратын ҚХА отанымыздың қасиеттің жерінде тұратан барлық этникалық ұлтардың арасында достықтың басты және берік ірге тасы болып табылады.

Осыдан соң Анархан Дүйсенова Қазақстандағы ұлтаралық татулықты сақтауға қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарға ел президентінің құрмет грамотасын табыс етті.
Сондай-ақ, жиында биылғы жылы ұйымдастырылған республикалық сайыстар мен жобаларда үздік атанған 20-ға жуық жеңімпаз марапатталды. Олардың қатарында “Айыртау таңы” аудандық қоғамдық-саяси газетінің ұжымы да бар. Редакция журналистері биыл Ассамблея туралы 30-ға жуық мақала жазған.

Бағлан Қожақов – “Айыртау таңы” аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакторы:

-Биылғы жылғы ҚХА 20 жылдығына орай ұйымдастырылған “Шаңырақ” әтно-мәдени байқауына біздің аудан газет ұжымы белсенді қатысты. Аудандағы түрлі атқарылып жатқан жұмыстарды үнемі жазып отырдық.

Жиын соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

 

Култанов Байболат