МТРА жаңалықтары

Облыстық мәслихат депутаттарының XXXX сессиясы өтті

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы:

-Негізінен облыстың қаржысы, яғни шығындардың басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталады. Білім беруге – 31 млрд 788 млн, денсаулық сақтауға – 6 млрд 473 млн, жолдарды жөндеуге 5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылатын болса, тағы бір-бір млрд теңгеден астам қаржы мәдениет және спорт салаларын дамытуға жұмсалмақ.

Өлкеміз еліміздің басты астықты аймағы болғандықтан ауыл шаруашылығын дамытуға 16 млрд теңгеден астам қаржы бағытталатын болады. Тағы 500 млн теңгеге жуық ақша БАҚ қаржыландыруға жұмсалмақ. Бұдан бөлек, «Мен чемпион»спорттық ойындарының алдағы жылғы түсіріліміне 30 млн теңге бөлінеді.
Елбасы қазіргі дағдарыс кезінде қаржыны үнемдеуді жүктеген болатын. Сол себепті, халық қалаулылары қазына ақшасын мақсатты жұмсалуына ерекше көңіл бөлуде. Кейін жиында облыстың аумақтарды дамыту бағдарламасы талқыланды.

Аида Балабаева – СҚО экономика басқармасының басшысы:

-Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қасмтамасыз ету мақсатында 2016-2018 жылдарға дағдарысқа қарсы шаралар қарастырылған. Онда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыта түсу көзделген. Ол бойынша түрлі жобаларды жасау көзделіп отыр.

Ал күннің екінші жартысында халық қалаулыларының басы облыстық мәслихаттың 40-шы сессиясында бірікті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қатысып, жиында талқыланған барлық 15 мәселе қайтадан қарастырылды. Кейін депутаттар барлық өзгерістерді бірауыздан қабылдады. Бұдан соң «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» төсбелгісі 4 солтүстікқазақстандыққа табысталды.

 

 

Магжан Ахмадина