Мәдениет

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына – 15 жыл

Асылхан Разиев – С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма теартының актері:

-Театр актерларының 70 пайызы жастар. Олар алдыңғы толқынның салған жолымен келеді. Біздің әлі алар асуымыз алда. Жетер жетістігімізде бар деп ойлаймын.

Театрдың шымылдығы алғаш рет С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» туындысымен ашылған. Содан бері өнер ордасында 70-ке жуық спектакль сахналаныпты. Барлығының жанры әртүрлі. Драма, комедия мен трагедия да бар. Енді театр ұжымы психологиялық бағытқа ауыспақ.

Самал Тәшімова – С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма теартының актрисасы:

-Біз әлі де көптеген спектакльдер болады. Жоспарымыз ауқымды. Жастарға арналған терроризмге. нашақорлыққа қарсы қойылымдар сахналанады Коммедия мен классика бағытында да жұмыс жасаймыз.

15 жыл ішінде С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актерлары республикалық, халықаралық түрлі байқауларға қатысқан. Оның әрбіреуінде жас ұжым жүлделі орындар иеленіп, тәжірибе жинақтап отырған.
Жиын соңында театр директоры Біржан Жалғаспаев 10 актерді сырлы сахнаға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады. Ал тағы 5-уі арнайы диплом мен 30 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.

 

 

Айгерим Ержанова