МТРА жаңалықтары

“ВиВаГа – Лада” автоорталығында ашық есік күні өтті

Жандос Қайып:

-Мен бұған дейін жаңа машина алған емеспін. Міне, бүгін соның сәті түсейін деп тұр. Көлік маған ұнады. Ішкі безендіруі, тіпті тамаша. Заманауи автомашиналарға тиісті жабдықтардың барлығы бар.

Жалпы қаламыздағы “ВиВаГа – Лада” автоорталығында “Джейси” көліктерінің 3 түрі бар. Олардың бөлшектері қытайдыкі болғанымен, Қостанай қаласында жиналады. Орталық қызметкерлері бұл темір тұлпарларды “Сарыарқа Автопром” зауытынан қараша айында сатып алыпты. Қазірдің өзінде мұнда 15 машина саудаға қойылған. Әзіресе, қазақстандық сатып алушыларға “Джейси S3” модельді көлік түрі ұнайды екен.

Иван Шебелистов – “ВиВаГа – Лада” ЖШС аға менеджері:

-Бұл көлік өзінің сырт пішінімен-ақ сатып алушылардың назарын бірден өзіне аудартады. Машинаның ішіне келетін болсақ,”итальяндық” үлгімен әдеміленген. Барлық бөлшектері ұқыпты орналастырылған. Іште отырған адамдарға еш кедергі жасамайды. Ал, жалпы көліктің қуаттылығы 33 аттың күшімен пара-пар. Жанар-жағармай жағу көлемі – 1,5 литр. Бағасы 3 750 000 теңге тұрады.

Сондай-ақ, тұтынушылар көліктерді 4 пайыздық жеңілдетілген несиемен сатып ала алады. Ол үшін жеке куәлігіңіз бен облыс аумағында тұратындығыңызды растайтын тіркеу құжаты болса болғаны.

Виктор Герасимов – “ВиВаГа – Лада” ЖШС директорының орынбасары:

-Біздің машиналарды сатып алу үшін 5 бірдей банктен несие алуға болады. Ол – тұрғындарға берілген үлкен мүмкіндік. Сондықтан, көлік сатып алушыларға уақытты босқа жібермей “ВиВаГа – Лада” автоорталығына келулеріне кеңес беремін.

Мұнда көліктердің ақ, қара және күміс түстілері бар. 1 айдың ішінде бұл машиналардың 5-еуі сатылыпты. Оның 2-екеуі бүгін өз иелерін тапты.

 

 

Култанов Байболат