Спорт

Петропавлда шаңғы тебуден облыстық жарыс өтуде

Бекзат Сансызбай – жарысқа қатысушы, Есіл ауданы:

-Жарысқа үшінші рет қатысып жатырмын. Мен үшін сайыс жоғары дәрежеде өтуде. Жүлделі орынға ілінетініме сенемін. Қарсыластарым да осал емес екен. Жақсы дайындалған.

Сондай-ақ, қатысушылардың арасында кәсіби шаңғышылар да бар. Мамлют ауданының спортшысы Рустам Набиуллин шаңғы тебумен 4 жыл бойы айналысып келеді. Жас спортшы – бұл жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы. Ол келесі жылдың қаңтар айында Румынияда өтетін әлем чемпионатына қатыспақ.

Рустам Набиуллин – жарысқа қатысушы, Мамлют ауданы:

-Мен бірер минуттан кейін сөре сызығынан өтемін. Жалпы, өз күшіме сенімдімін. Қарсыластарым мықты. Жеңіске жетемін деген ойдамын.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған жарыста қыздар 5-10 шақырымды 3 айналымда, ал ер балалар дәл сол қашықтықты 2 айналымда бағындырулары қажет. Кім бұл аралықты ең аз уақыт ішінде басып өтеді, сол жеңіске жетеді.

Владимир Щербаков – Қ.Байболов атындағы мамандандырылған БЖСМ директоры:

-Бұндай жарыс бізде жыл сайын ұйымдастырылады. Турнирді өткізуге арналған жол жақсы дайындалған. Ауа райы да қолайлы. Додаға 12 мен 17 жас шамасындағы 100-ге жуық спортшы қатысуда.

Шаңғы тебуден облыстық жарыс 2 күнге жалғасады. Қорытындысында жүйріктер диплом және медальдармен марапатталады.

 

 

Сагыныш Маркашева