Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасы Н.Назарбаевтың рұқсатымен СҚО-да құрғақ таңғы ас әзірлейтін бірегей зауыт іске қосылды

Ботагөз Құлданова – “Радуга” ЖШС жылдам әзірленетін тағамдар фабрикасы өндірісінің директоры:

-Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз жаңа өндірісте құрғақ таңғы ас пен түрлі қауыздарды шығаруды игердік. Мұндай өнім бұрын республикамызда шығарылмаған. Зауыт Қазақстан үшін жаңа өнімнің 25 аталымын өндіретін болады. Ол ішкі нарықты қамтамасыз етуге және өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Жобаға “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау жасалды. Аса құрметті елбасы, жеке кәсіпкерліктің дамуына мемлекет қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіруге және 2 жаңа өндірісті іске қосуға рұқсат етіңіз.

Ауқымды жобаның қазақстандықтарға берері мол. Алдымен, ел нарығын сапалы өніммен қамтып, біртіндеп импорттық тауарлардың үлесін азайтуға мүмкіндік бар. Екіншіден, өндіріс орны 2016 жылы толық қуатына көшкенде, бүгінгі 32 жұмысшының қатары бірнеше ондаған жерлесімізбен толыға түседі.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

-Құтты болсын! Өндірісті іске қосуға рұқсат. Барлығыңа табыс тілеймін!.

Индустриаландыру картасының 2-ші бесжылдығы аясында іске қосылған жобаның құны 148 млн теңге тұрады. “Радуга” серіктестігіндегі өндіріс орны жылына 430 тонна құрғақ таңғы ас пен түрлі қауыздарды шығаруға қауқарлы.

Ботагөз Құлданова – “Радуга” ЖШС жылдам әзірленетін тағамдар фабрикасы өндірісінің директоры:

-Бүгінде құрғақ таңғы ас пен түрлі қауыздарды ресейлік кәсіпорындар мен “Nestlé” компаниясы шығарады. Біз аталмыш алпауыт мекемелермен бәсекеге түсе аламыз. Соңғы үлгідегі жабдықтарды сатып алдық. Өндірістік желілер қытайдікі, ал өнімді қаптайтын қондырғыларды ресейден алдырттық. Мамандар Ресейдегі Кемерова технологиялық институтында білімдерін шыңдап келді. Олар 3 ай көлемінде француз технологиясын игерді.

Мұндағылар жылдам дайындалатын тағамдар құрамы мен дәмі жағынан шет елдерден импортталатын өнімдерден артық болмаса, кем түспейді дейді. Сондықтан тауарлары алыс, жақын шетел елдерде жоғары сұранысқа ие боларына сенімді. Оған қоса жылдам әзірленетін тағамдардың бағасы ресейден импортталатын өнімдерден 15 пайызға арзан болады.

Екатерина Асаёнок – “Радуга” ЖШС жылдам әзірленетін тағамдар фабрикасы өндірісінің технологі:

-Жылдам дайындалатын тағам түрлерінінің сапасы жақсы. Біздің өнім табиғи – 90 пайыз отандық шикізаттан әзірленеді. Балаларға қорықпай беруге болады. Өнімдерді чипсы сияқты майға қуырмаймыз. Жүгерінің қауызы колориясыз, диеталық, микроэлементтер мен дәрумендерге бай. Оны жасауда экструзиялық технолигияны пайдаланамыз. Ол жүгерінің қауызындағы пайдалы элементтер мен дәрумендерді біраз уақытқа сақтауға мүмкіндік береді. Өнімдеріміз 4 айға дейін жарамды.

Алдағы уақытта серіктестіктегілер жүгері таяқшалары мен қауызының 25 аталымын шығармақшы. Бұдан өзге осы нысанның 3-ші қабатында тез дайындалатын сорпа, бульон, кисель, картоп езбесі жасалатын болады.
Келешекте аталмыш өнімдердің түрлерін мұнағылар 50-ге жеткізбекші.
Бұдан өзге серіктестік 2016 жылдың тамыз айында жылдам дайындалатын кеспені әзірлейтін желіні іске қосады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облсының әкім:

-“Радуга” серіктестігінде шығарылатын өнімдердің сапасы жоғары. Алда 10 өнім түрін шығарып, жартысын Ресейге экспорттауды жоспарлаудамыз.

“Радуга” ЖШС-нің Қазақстан бойынша 12 филиалы бар. Сондықтан тауарын ел нарығына шығаруға еш кедергі жоқ. Компания басшылығы бүгінде Ресейдің Омбы, Челябі облыстарындағы сауда желілерімен тығыз әріптестік орнатты. Демек өнімдерін экспорттауға жол ашық деген сөз.

 

Берик Касен