МТРА жаңалықтары

Петропавлда әскерилердің ведомствоаралық кеңесі өтті

Еркінбек Байболов – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

-Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департементінде ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өтіп тұрады. Жеке құраммен апталықтар мен айлықтар жүргіземіз. Онда заңнаманы түсіндіру, пара беру кезінде не істеу керек деген сауалдар айтылады. Ондай факті орын алса кімге хабарласу керек, барлығын айтып отырамыз.

Негізінде жиында “Әскерде жемқорлыққа жол жоқ!” шарасына қатысушы мекемелердің белсенділігін байқауға болды. Бірақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2032 бөлімі Петропавл гарнизоны әскери прокурорының сынына ілікті. Өйткені, “бармақ басты, көз қыстылыққа” жол бермеуге үндейтін акцияны өткізуде салғырттық танытса керек. Жалпы бұл шараға Петропавл және Щучинск гарнизондарының 1300-ге жуық әскери қызметшілері жұмылдырылған.

Ермек Тұрсынбаев – Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры:

-Акция аясында гарнизонға қарасты барлық әскери бөлімшелер, басқармалар мен мекемелерде ашық есік күні, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау, байқаулар мен флешмобтар өткізілді. Негізінен, әскер қатарында пара алу фактілері өте сирек кездеседі. Сонда да әскери прокуратура жыл сайын жоспарлы тексеріс жүргізіп отырады.

Жиын соңында Петропавл гарнизонының әскери прокуроры акцияны өткізуде белсенділік танытқан бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.

 

 

Бакыт Садуакасов