Бизнес және экономика

1-ші желтоқсаннан айналымға енген 20 мың теңгеліктің ерекшелігі

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы:

-Бір бетінде негізгі бейнелер “Қазақ елі” монументі, пырақ және Мәңгілік Ел салтанатты аркасы бейнеленген. Екінші бетінде Ақорда ғимараты бар. Негізгі түсі көк-сұр.

Бұл жаңа 20 мыңдық – әлем бойынша ең қорғалған банкноттардың бірі. Ал, 2006 жылы басылған 2 мың, 5 мың және 10 мың теңгелік банкноттар керісінше біртіндеп айналымнан шығарылуда. Олардың орнына 2011 жылы пайда болған купюралар қолданылмақ.
Ел азаматтарының жоғарыда айтылған ақша белгілерін тиістісіне айырбастау үшін 2017 жылдың 3-ші қазанына дейін уақыттары бар.
Ал бұған дейін олар Қазақстан аумағында қандай да бір шектеусіз қолданылатын болады.

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы:

-12 ай ішінде – 2016 жылғы 4 қазаннан 2017 жылғы 3 қазанға дейін – көрсетілген ақша белгілері кез келген екінші деңгейлі банкте айырбасталуға тиіс. Бұл мерзімнен кейін барлық қалған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10 000 теңге банкноттар 2020 жылғы қазанға дейін барлық ҚР ҰБ филиалдарында айырбасталуға қабылданады.

Айту керек, 2006 жылы жасалған 2, 5 және 10 мыңдықтардың айналымнан шығарылуы, және жаңа 20 мыңдықтың қолданысқа енгізілуі – заңсыз теңге жасаушылардың жолын байлаудың бірден-бір амалы.

 

Акбопе Танирберген