Білім

Солтүстікқазақстандық студенттер Елбасы Жолдауын талқылады

Айдана Ысқақова – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:

-Мен Президенттің әр Жолдауын зер салып, тыңдаймын. Өйткені, ол үнемі бізге, яғни жастарға үлкен көңіл бөледі. Биылғы Жолдауда да жастар мәселесі қозғалды. 2016-шы жылдан бастап студенттердің шәкіртақылары 25%-ға өседі. Бұл біздер үшін қуанышты жаңалық. Жақсы оқып, жоғары білікті маман атану үшін үлкен серпіліс.

Айдана сынды бұл оқу орнында 1367 студент бар. Оның 350-і техникалық мамандықты игеріп жүр. Биыл бұл салаға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ерекше көңіл бөліп отыр.

Николай Ухов – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің директоры:

-Президент Жолдауында өте маңызды салалар қамтылды. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік дағдарыстан шығу жолдарын көрсетіп, біздің, соның ішінде жастардың да өз үлестерін қосу керек деді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 2017 жылдан студенттер техникалық мамандықтарға тегін оқи алатынын жеткізді. Енді бұл бағытта кадрлар жетіспеушілігі азаяды деген ойдамын.

Бүгінде Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде 950 студент тегін оқиды.

 

Айгерим Ержанова