Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандық полицейлер кеудеге тағылатын бейнетіркеуіштермен жарақталды

Ринат Құсайынов – Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының командирі:

-Күн сайын жол сақшылары кезекшіліктерін қабылдағанда осындай бейнежетондарды табыстаймыз. Олардың арқасында жұмысымыз нәтижелі болып, полицейлер қызметін алаңсыз атқаратын болды. Құрылғылардың көмегінің арқасында қылмыстар саны азаяды ойдамын.

ІІД-нде бүгінде осындай 37 құрылғы бар. Ол жол ережесін бұзу фактілерін тіркеп қана қоймай, полицейлер жұмысын да мөлдір қылуға жол ашпақ. Өйткені, жол сақшыларының кезекшілік кезінде өздігінен бейнетіркеуішті сөндіруге құқығы жоқ.

Риант Құсайынов – Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының командирі:

-Осы бейнежетондардағы ақпарат әр кезекшілік аяқталған соң бір базаға көшіріледі. Кейін олар қаралып, орын алған заңбұзушылықтарға қатысты әкімшілік материал жинақталады. Яғни, біз өз қызметкерлеріміздің жұмысын толық бақылауда ұстай аламыз.

Кеудеге тағылатын бейнетіркеуіштер олардың қолданудың алғашқы күні-ақ қалада орын алған 20 заңбұзушылықты тіркеген.

 

 

Магжан Ахмадина