МТРА жаңалықтары

“Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы қызметіне Мұса Танақұлов сайланды

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ қалалық бөлімінің басшысы:

-2015 жылы біз көптеген шаралар ұйымдастырдық. Солардың бірі жаз мезгілінде өткізілген «PETRO-Cup» турнирі. Сондай-ақ, біз мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлерге көмектесіп тұрамыз.

Сонымен қатар, бұл күні «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Бүгінге дейін бұл қызметте жүрген Азамат Шаймерденов жұмыс орнын ауыстыруына байланысты, оның міндетін Мұса Танақұлов атқаратын болды. Жаңа тағайындалған жетекшінің алға қойған мақсаты да ауқымды.

Мұса Танақұлов – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

-«Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы болып сайлануым – мен үшін үлкен мәртебе. Жалпы біздің ұйым көптеген шаруаның басын қайыруда. Бұл қарқыннан таймаймыз деп ойлаймын. Жобаларды одан әрмен жалғастырамыз. Ең ірілері келесі жылы да жалғасын табады. Ол – «Сәтті қадам» мен «Жастар Отанға» бағдарламалары.

Бүгінде «Жас Отан» ЖҚ-на 10 мыңнан астам солтүстікқазақстандық студент мүшелік етуде.

 

Айгерим Ержанова