Балалар

Петропавлда СҚО-ның жастар форумы өтті

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Жастар – қоғамның күші, дамудың кепілі. Өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, оларды жұмыспен қамту, саламатты өмір салтын ұстану, талантты жастарды қолдау Елбасының тікелей бақылауының арқасында күннен-күнге дами түсуде. Жақында мемлекет басшысы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар , даму” атты халыққа Жолдауын жариялады. Ел Президенті қойған мақсат-міндеттерді шешуде жастардың орны ерекше.

Кейін өңір жетекшісі замандастарының алды, жолдастарына үлгі болып жүрген бір топ азаматты диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бүгін Ақжар аудандық №8-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Райымбек Малғаждаров та қошеметке бөленді. Ол “Үздік жас құтқарушы” номинациясында ерекшеленіп отыр.

Райымбек Малғаждаров – Ақжар аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері:

-Біздің бөлімге көптеген су жаңа автокөліктер берілді. Бұл жұмысымызды әлдеқайда жеңлдетті. Сонымен қатара дағдарысқа қарамастан түтіннен қорғану бекеті ашылды. Атқарылған істің барлығы көңіл көншітеді. Ол Елбасының салиқалы саясатының арқасында.

Бүгінде мемлекет тарапынан өз ісін ашамын деген жас азаматқа барынша қолдау көрсетіледі. Осындай көмектің арқасында Жамбыл ауданының іскер жігіті Қуат Айтжанов кәсіптен нәсіп тауып отыр.

Қуат Айтжанов – кәсіпкер, Жамбыл ауданы:

-2012 жылдан бастап полиграфия және дизайн саласында өз ісімді бастадым. Бүгінгі таңда Жамбыл ауданы Преснов селосында “Тұмарарт” салоны жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

 

Риат Шони