Балалар

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында “Умники и умницы” байқауы өтті

Альбина Рахиева – сайысқа қатысушы:

-Мен байқауға Елбасы туралы өлеңді дайындадым. Маған оны жаттау қиын болған жоқ. Жарыста барлығынан үздік шығып, жеңіске жетемін деп ойлаймын.

Жалпы облыстық байқауға өңіріміздің аудандары мен Петропавл қаласынан 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балғындар қатысуда.

7 мен 18 жас аралығындағы өнерпаздар сайыста қазылар алқасына өзін-өзі таныстыру портфолиосын ұсынып, қазақ, орыс тілдері мен геоография пәндері бойынша тест жұмыстарын орындайды.

Кұдабай Илюкин – СҚО білім басқармасының бас маманы:

-Шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың қарым-қабілеттерін арттыру. Оған қоса қоғамнан бөлектенбей, қысылмай өмір сүрулеріне бейімдеу болып табылады. Жеткіншектердің барлығы талантты.

Байқау соңында барлық қатысушылар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Култанов Байболат