Денсаулық сақтау

Денсаулық саласы жаңғыртылуда

Алена Кожевникова – 1-ші қалалық емханасы Call-орталығының операторы:

-Колл-орталықтың пайдасы көп. Қазір емханада бұрынғыдай ұзын-сонар кезек жоқ. Тұрғындар бізге жұмыс күні біткенше қоңырау шалып, кез келген дәрігерге алдын ала жазылуларына болады. Уақытын да өзі белгілейді. Біз қоңырауды 62 62 26 бірыңғай телефон нөмірі арқылы қабылдаймыз.

Келер жылдан бастап 1-қалалық емханадағы 73 дәрігер 52 700-ден астам петропавлдыққа қызмет көрсетеді. Бүгінде емдеу орнында физиотерапевт, терапевт, лор сынды тар көлемдегі мамандар жетіспеушілігі байқалады. Жыл басынан бері аталмыш емдеу орнының қызметкерлері қатты науқастанған пациенттерге жалпы құны 175 млн теңгенің 61 500 тегін рецептісін жазып берген.

-Маған дәрігерлер жақсы қарайды. Емхана келе алмай қалсам үйге келеді.

 

-Жүрегім ауырады. Жақында қан қысымым жоғарылап кетті. Көрінейін деп дәрігерге келдім. Жақсы қарайды.

Бүгінде 1-қалалық емхананың техникалық базасы заман талабына сай жарақтандырылуда. Биыл мекемеге су жаңа екі аппарат алынды. Оның бірі көздегі кінәратты жоғары дәлдікпен тексеруге мүмкіндік берсе, екінішісі – ультра дыбыстық сканер. Ол жүкті әйелдерге арналған. Аталмыш құрылғылар ел қазынасынан бөлінген қаражатқа сатып алынды. 2016 жылдан бастап 1-қалалық емхана аралас типтегі емдеу мекемесіне айналмақ. Және “Денсаулық” бағдарламасы аясында 2019 жылға дейін осындағы 9 ақ халатты қайта даярлау курстарынан өтіп, жалпы практикадағы дәрігерге маманданады.


Берик Касен