Білім

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі республикалық байқауда 1-ші орынды жеңіп алды

Ал жақында Лариса Овчинникова еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары арасында дәстүрлі түрде өтетін “Жылдың үздік мұғалімі” байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Ол бұған дейін де облыстық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда топ жарып жүрген. Десе де бұл жолғы жеңістің орны бөлек, – дейді.

Лариса Овчинникова – Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі:

-Мұғалімдер арасындағы жарыста топ жарып, бас жүлдені еншілеу оңайға түсті деп айта алмаймын. Тәжірибесі мол оқытушылармен сайыста күрделі физикалық тапсырмалар мен есептерді шығардық. Осы байқаудың арқасында өзімнің білім деңгейімді анықтап, болашаққа бағыт-бағдар жасайтын боламын.

Жарысқа еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде физика пәнінен сабақ беретін 18 мұғалім қатысқан. Оларға берілген тапсырмаларды шешу нәтижесі маманның білім-білігін көрсетеді.

Лариса Овчинникова – Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі:

-Жарыста физика пәні мұғалімдеріне 3 тапсырма ұсынылды. Соның ішіндегі күрделісі 15 минуттың ішінде сабақ беру болды. Өзім жүктелген міндеттерді толығымен орындадым. Осы байқауға қатысуыма жан-жақты қолдау көрсеткен мектеп ұжымына алғысымды білдіремін.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”. Лариса Овчинникова өз шәкірттерін оқытуда барын салады. Дарынды оқушысы Алтыншаш Даниярова мұғалімінің сабағын ұйып тыңдайды екен.

Алтыншаш Даниярова – Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы:

-Лариса Овчинникованың әр дәрісі қызықты өтеді. Үнемі теорияны тәжірибемен байланыстырып, сабақты түрлендіре түседі.

Сондай-ақ, ұлағатты ұстаз жұмыстан қолы қалт етсе, гүл өсіріп-баптаумен айналысады.

 

 

Бакыт Садуакасов