Қоғам

Мәдениет саласы қызметкерлері Елбасы Жолдауын талқылады

Рәзипа Тәженова – СҚО тарихи-өлкетану мұражайы әдебиет бөлімінің меңгерушісі:

-Мен өзім СҚО тарихи-өлкетану мұражайында жұмыс істеймін. Мынандай қиын-қыспақ заманда Елбасының әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақыларын артыру жайы өте көңілге қонымды болды.

Облыста келесі жылы мәдениет саласында ауқымды істер жоспарланып отыр. Мәселен, бірнеше нысанды пайдалануға беру және өңір тарихынан сыр шертетін жинақты жарыққа шығару көзделуде.

Зәуре Нұрмұқанова – СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары:

-2016 жылы өңірімізде 10 бірдей мәдеиет нысаны ашылады. Сондай-ақ, мұрағат қызметкерлерінің атсалысуымен “СҚО-ндағы білім беруге 80 жыл” атты жинақ жарыққа шықпақ. Бұл өлкеміздің тарихымен қатар білу берудің кезеңдерінен хабардар ететін кітап болмақ. Тағы да айта кететін жайт, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орайластырылған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу де ойда бар.

Соңғы екі жылдың ішінде өңірімізде 48 мәдениет және мұрағат нысандары пайдалануға берілген екен. Қазіргі күні облыста олардың жалпы саны 600-ге жуық.

 

 

Култанов Байболат