МТРА жаңалықтары

Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы жетілдірілуде

Гүлжан Қасымова – Облыстық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы:

-Министрлігіміз бір болғандықтан өз қанатымыздың астына спорт қызметкерлерін де алып жатырмыз. Бүгіндері олардың өздерінің кәсіподақтары жоқ. Сондықтан, әзірге бірнеше ұйым ғана енді. Алдағы уақытта олардың саны артады.

Бүгін кәсіподақ ұйымы атқарған жұмыстарын қортындылап, алға жоспарлар құруда. Қойылған міндеттер, әрине Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған. Әсемгүл Мәлібаева 10 жыл бұрын қызметінде небәрі 20 мың ғана еңбекақы алған.

Әсемгүл Мәлібаева – Кино-бейне қорды сақтау және пайдалану орталығының редакторы:

-Мәдениет саласындағы қызметкерлер үшін осы Жолдау қуанышты жаңалық ала келді. Жалақымызды 40 пайызға дейін көтереді. Бізді қуантып жатыр. Мен 10 жыл еңбек етіп жатырмын. Сол уақытта жалақым 40 мыңға өсті. Келешекте әлі де жақсы жұмыс істейтін боламыз.

Бұдан бөлек жиналғандар Еңбек кодексіне енгізілген жаңашылдықтарды да талқылады.

 

 

Магжан Ахмадина