Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері Елбасы Жолдауын талқылауда

Светлана Кашенцева – 1-ші қалалық емхананың бас дәрігері:

-Елбасының осы Жолдауында да бұрынғылары сынды медициналық саланы дамытуға көңіл бөлінген. Қазір біз медико-санитарлық көмекті жетілдіру қажетпіз. Бүгіндері дәрігерлеріміз өздері күрделі деген операцияларды жасап, жақсы нәтижелер көрсетуде. Елбасымыз айтып кеткен тағы да бір маңызды жайт – медициналық сақтандыру. Бұл жүйе елімізде 2017 жылы енгізілмек. Жаңашылдық науқастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға септеседі.

Елбасы Жолдауын асыға күткендердің бірі – терапевт-дәрігер Ғалымжан Уптияров. Ол мемлекет басшысы жыл сайынғы стратегиялық құжатында барлық салаларды қамтып, дамуға бағыт-бағдар беріп отырады дейді. Әсіресе, денсаулық сақтау саласына айрықша мән беріледі.

Ғалымжан Уптияров – Облыстық кардиологиялық орталықтың терапевт-дәрігері:

-Медицина саласында еңбек ететін қызметкерлердің жалақысын арттыру туралы айтылды. Дәрігерлердің еңбекақысын 28 пайызға көтеретіндігі бізді қуантады. Өйткені, қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде ол қазақстандықтардың жағдайын көтерудегі жасалған бір жақсылық деп есептеймін.

Жыл сайын салаға бөлінетін қаржы көлемі артуда. Соның арқасында емдеу мекемелері заманауи қондырғылармен жабдықталып, тегін дәрі-дәрмекпен қамту және емдеу шаралары жетілдірілуде. Оң өзгерістерді тек дәрігерлер ғана емес, ем қабылдап жатқан науқастар да байқауда.

Галина Бормотина:

-Мен қазір диализ емін қабылдап жатырмын. Бүйрегім 26 жылдан бері ауырады. Сондықтан, осында үнемі қараламын. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Заманауи қондырғылар мен білікті дәрігерлердің жұмысының арқасында жақсы оталар жасалады.

Жалпы жыл басынан кардиологиялық орталықта 3 мыңнан астам солтүстікқазақстандық ем қабылдапты. Тағы мұнда жүрегінде ақауы бар 250-ден астам адамға аорта-коранарлық шунт қою операциясы жасалған.

 

 

Магжан Ахмадина