МТРА жаңалықтары

Смирново селосында жеке тұрғын үй жанып, 3 адам қаза тапты

 

Соның салдарынан баспана ішіндегі 3 тұрғын иіс тиіп көз жұмған. Үшеуі де бұл үйді жалдап тұрыпты және ішімдікке жақын болған көрінеді. Құтқарушыларға өрт туралы ақпар таңғы жеті шамасында жетсе керек. Хабарды ести сала мамандар дереу оқиға орнына шығады.

Біржан Кәрімов – СҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:


–  Желтоқсанның алтысы таңғы уақытта болған өрт оқиғасына жергілікті өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техника қатысты. Нысан ішіндегі жеке тұрмыс заттары мен еден отқа оранған екен. Мамандар қызыл жалынды 20 минуттың ішінде ауыздықтады. Алайда, үй ішіндегі 1956 жылы туылған ер азаматты және 75 жылы туылған ер адам мен әйелді құтқаруға үлгермеді.


Жалпы жыл басынан облыс аумағында 700-ге жақын өрт оқиғасы орын алған. Салдарынан 15 мерт болған адам, оның біреуі – бала. Тілсіз жаудың кесірінен келген метриалдық шығын 97 миллион теңгені құрайды. Өрттердің жартысынан астамы жеке меншік тұрғын үйлерде тіркелген.

Біржан Кәрімов – СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:


– Жеке меншік үйлерде өрт оқиғасының орын алуына көп жағдайларда тұрғындардың өздері кінәлі. Олар белгіленбеген жерде қоқыстарын өртеп, үйдегі пешті салғанда тиісті нормаларды сақтамайды. Осының салдарынан биыл 12 тұрғын қаза тауып, 29 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Облыс орталығындағы соңғы өрт оқиғасы желтоқсанның үші болған. Онда үй жанып, иіс тиген 3 тұрғын ауруханаға жатқызылған.

Култанов Байболат