Без категории

Петропавлға ресейлік “Карск экспедициясы” келіп жетті

Меймандардың Ұлы Отан соғысының 1944 жылғы Карск теңізіндегі ұшқыны жайлы әңгімесін петропавлдықтар зер сала тыңдауда. Жоба мүшелерінің баяндамалары неміс әскері тарапынан жасалған шабуылдың нәтижесінде су түбіне кеткен 150-ге жуық бейбіт тұрғындар мен теңізшілер жайлы.

Дмитрий Голиков, “Карск экспедициясы” аймақтық жобасының қатысушысы, РФ:

– Жиналған ардагерлерге, жастарға ҰОС-ның осы уақытқа дейін көпшілікке құпия сақталып келген ақтаңдақтары жайлы баяндаудамыз. Бұл тарих бүгінде іздестіруші топтың арқасында мәлім бола бастады. Жалпы, тарихи мекендегі іздестіру жұмыстарына 7 жыл бұрын кірістік. Соның арқасында пулеметтен жауған оқтан теңіз түбіне кеткен үш кеме анықталды. Іздеу тобы алапат соғыс кезінде Карск теңізі жағасында қаза болған 13 адамды жерлеу рәсімін өткізді.

Экспедиция мүшелері Ямал-ненец автономдық округіның солтүстік бөлігінде орналасқан Карск теңізінің Белый деп аталатын аралын да экологиялық тұрғыда қорғауға алған. Қазіргі уақытта Ресейдің әр түкпірінен жиылған азаматтар мен шетелдіктерден жасақталған “Зеленая Арктика” еріктілер ұйымы аралды түпкілікті тазалау жұмыстарымен айналысуда. Себебі, ол жерде бұрынырақта 3 бірдей метео орталық пен әскери бөлімше орналасқан екен. Өкінішке қарай, қазір бұл мекен үлкен қоқыс үйіндісіне айналған.

Евгений Рожковский, “Зеленая Арктика” аймақаралық экосоциологиялық қоғамдық ұйымының мүшесі, РФ:

 


– Біздің қоғамдық ұйым 2014 жылдың 9 сәуірінде құрылған болатын. Осы уақыттың ішінде 100-ге жуық ерікті бір күшке бірігіп Белый аралын 800 тонна қалдықтан тазарттық. Ол жерді болашақта туристер баратын демалыс орнына айналдырғымыз келеді. Оларды теңіз түбіне батқан кемелерге экскурсия жасату ойда бар.

Солтүстікқазақстандықтар меймандар ұсынған естелікке толы Карск теңізі жайлы фильмді де үлкен қызуғушылықпен тамашалады. Сондай-ақ, бүгінде Ямал-ненец автономдық округінде тұратын оқушы балалар 1944 жылы Карск теңізінде су астына кеткен кемелерді, сол кезде зардап шеккен тұрғындарды, теңізүсті шайқастың суреттерін салған екен. Балғындардың туындысы осы залда көрермендер назарына ұсынылды.

Акбопе Танирберген