МТРА жаңалықтары

Петропавлда карнавалдық костюмдер байқауы өтті

Жыл сайын ерекше образдарды таңдайтын балғын қыз биыл шығыстың Шахерезадасы болуды шешкен. Ал “Нептун” аквапаркінде жаңажылдық карнавалдың өтетінін ести сала Вероника бірден қатысуды жөн көрген.

Вероника Конева – “Дарын” мектеп-лицейінің оқушысы:

–  Мен бүгінгі карнавалда Шахерезада болып киіндім. Өзгелерден ерекше көрінгім келгендіктен дәл осы кейіпкер мен қызыл түсті таңдадым. Шығыстың қызының костюмін тігуге ата-анам көмектесті. Кештің жеңімпазы мен болатыныма сенемін.

Ұйымдастырушылар бұл карнавалды солтүстікқазақстандықтар үшін еркеше етіп өткізуді жөн көрген. Сайысқа қатысушылардың жастары да әртүрлі, қойылған шарттар да өзгеше болды.

Галина Бондаренко – “Улыбка” қайырымдылық қорының президенті

– Бұл байқауды біз бірінші рет өткізіп отырмыз. Басқа іс-шаралардан еркеше қылып жасағымыз келді. Сол себепті, барлық қатысушылардың киімдері жаңажылдық тақырыпта, бірақ жағажай стилінде болу керек деп шештік. Сайысымыз екі кезеңнен тұрады. Алғашқысында олар өз костюмдерін көрсетіп, дефиледен өту керек. Ал екіншісі – шығармашылық тапсырма. Яғни, қатысушылар ән, өлең не би билеп беруі керек. Үздіктер арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Бұл күні карнавалға келушілердің дені су перісі, көбелек және Жаңа жылдың нышаны – маймыл кейпіне енді. Сайысқа мүмкіндігі шектеулі балалар да қатысты. Олардың подиумға шығуларына ата-аналары көмектесті.

Екі кезеңде барлығы 20-дан астам қатысушы бағын сынады. Ал көңілді кештің жеңімпаз атағын сайқымазақ болып киінген Роман Медведев, екінші орынды мушкитер образын таңдаған Кирилл Екимов, ал үшінші орынды мальвина болып киініп келген Наталья Сумина иеленді.

 

Айгерим Ержанова