МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданына инвесторларды тарту көзделуде

Тілеубай Есжанов – Қызылжар ауданын әкімінің міндетін атқарушы:

– Қазіргі таңда индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында Қызылжар ауданында құны 1 миллиард 87 миллион теңгенің 5 жобасы іске қосылды. Нәтижесінде 98 жаңа тұрақты жұмыс орны пайда болды. Алдағы уақытта шетелдік серіктестермен құны 30 миллон теңгенің бірлескен жобасын қолға алмақпыз. Жалпы ауданның экономикасында әр салада алға ілгерілеушілік байқалады.

Елена Левина жетекшілік ететін “Левин” жеке кәсіпкерлігінде шығарылатын жиһаздар елімізден өзге Ресейге де саудаға шығарады. Елбасының “Қазақстанда жасалған әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек”, – деген сөзі іскер нәзікжандының ерекше көңілінен шыққан.

Елена Левина – “Левин” ЖК директоры, Қызылжар ауданы:

– Бүгінде қазақстандық кәсіпкерлер мемлекет тарапынан жасалатын қолдауды нақты сезініп келеді. Соның ішінде “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасының үлесін айрықша атап өтуге болады. Елбасы осы жолғы Жолдауында бизнес иелеріне нақты міндеттер жүктеді. Президент әр шығарылатын тауар 4 басты қасиетке ие болған жағдайда ғана өндірген тауар өтімді әрі сұранысқа ие болатындығын жеткізді.

Президент тапсырмасына сәйкес келер жылдан әлеуметтік сала мамандарының еңбекақылары артпақ. Әлеуметтік қызметкер Хабиба Әбдірахманова Елбасының бұндай қолдауына разы.

Хабиба Әбдірахманова – Қызылжар аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкері:

– Менің жұмысым мүгедектер мен қарт адамдарға көмек көрсету болып табылады. Елбасы Жолдауынан қызықты, пайдалы сөздерін естідік. Біздің жалақымызды көбейтті.

Қызылжарлықтар Жолдаудағы тапсырмаларды бірлесе атқаруға бар күш-жігерлерін салмақ.

 

Бакыт Садуакасов