МТРА жаңалықтары

Қала активі Елбасының кезекті Жолдауын талқылады

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Бүгінде Жол картасы бойынша облыс орталығында “Зенченко и К” КС-нің сүт зауытының ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шаһарға инвестиция тарту да оң жолға қойылған. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде сырттан 37 миллиард теңгеден аса қаржы тартылды. Ал “Бизнестің жол картасы 2020” жобасымен биыл 373 өндіріс іске қосылып отыр. Қызметін бастаған өндіріс ошақтарының арқасында қосымша 1700 жаңа жұмыс орны пайда болды.

Президент тапсырмасымен еліміз бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті аясында әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізілуде. Бұл істі қаладағы “Егоровские склады” серіктестігі де қолға алған.

Алтынай Бекетова – “Егоровские склады” ЖШС заңгерлік қызметінің жетекшісі:

– Мекеме қазіргі уақытта қаланың орталығында 280 орындық балабақша құрылысын аяқтауға шақ қалды. Нысанды Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында халық игілігіне тапсыруды жоспарлаудамыз.

Алағы міндет-жоспарлар айқындалды. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, дегендей шаһар басшылығы дағдарысқа қарсы шараларды бірлесе еңсеретіндеріне сеніммен қарайды.

 

Бакыт Садуакасов