Денсаулық сақтау

Петропавлда психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған семинар өтті

Қазір өңір мамандарына “Балаларды зорлық-зомбылықтан сақтау” тақырыбындағы өз баяндамасын оқуда. Оның айтуынша мұндай шаралардың жиі өткізілуі психологтар мен әлеуметтік педагогтардың біліктілігін арттыруға септеседі.

Татьяна Яковлева – Психоневрологиялық диспансердің психологы :

Қазір елімізде балалардың жәбір көру жағдайлары жиілеп барады. Біз Елордада осы мәселе қозғалған жиында жұмыс істеудің жаңа әдістемелерімен танысып, түрлі ақпарат алдық. Ал бүгінгі семинар барысында жергілікті мамандар өзара шеберліктерімен алмасып, “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” атты фильм көреді.

Жалпы, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған 19 семинар өткізілген. Нәтижесінде 5 мың маман білгеніне білім қосты.

Ирина Якимова – Білім саласындағы ақпараттық технологиялар мен әдістемелік жұмыс орталығының әдіскері:

Біз денсаулық сақтау және ішкі істер басқармаларымен 2015-2017 жылдарға арналған жоспар құрдық. Аталған жоба аясында бір жылдың ішінде түрлі семинарлар, кездесулер, рейдтік іс-шаралар мен флэш-мобтар ұйымдастырдық.

2 сағатқа жалғасқан семинарда мамандар балалардың зорлық-зомбылық көру себептерін анықтауға тырысып, оның алдын алу жайларын да талқыға салды.

Сагыныш Маркашева