МТРА жаңалықтары

Петропавлда 7 мыңнан астам пираттық дискі жойылды

Наталья Матюшина – СҚО ІІД экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі:

 


–  Жалпы тамыз айындағы кезекті тексеріс барысында мамандар «Страна товаров» және «Қызылжар» коммуналдық базарларынан 4 мыңнан астам DVD-дискілерін тәркілеген. Ал жыл басынан бізге – экономикалық тергеу қызметіне 4 қылмыстық іс келіп түсті. Оның екеуі кінәлі тұлғаға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салумен аяқталды. Бір іс – өндірісте, ал төртіншісі сатушы мен авторлық құқық иесінің мәмілеге келуіне байланысты тоқтатылды.

Кейін мамандар жалпы сомасы 2 млн теңгеден 22 қапқа түйілген пираттық дискілерді бір жерге үйіп, мына үлкен көліктің күшімен жермен-жексен етті.

– Трактордың шынжырлы табанына түскен мына заттардың тас-талқаны шықты. Бұл жерде 7389 DVD-дискілері жойылды. Тауардың барлығын құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір айлакер саудагерден тәркілеген.

Бұл өнімнің авторлық құқық иеленушілерінің дені – ресейлік компаниялар. Олар өз шағымдарымен сотқа жүгінген емес.
Тек осыған дейін қазақ әндерін орындаушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі шағым түсіріпті. Оларға жергілікті сатушылар 195 мың теңге көлемінде залал келтірген. Бірақ, іс екі жақтың мәмілеге келуіне байланысты тоқтатылды.

Айгерим Ержанова