МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында “Аударма ісі және мемлекеттік тілде іс жүргізудің өзекті мәселелері” тақырыбында семинар өтті

Жиынға қатысушылар құжаттарда грамматикалық қателердің кездесу жайын талқылады. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерде аударма ісінің білікті мамандарының аздығы сөз болды.

Алтынай Сыздықова – Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

– Бұл семинар жарты жыл сайын өткізіледі. Ең басты мақсатымыз – мемлекеттік тілде орындалатын құжаттардың сауаттылығын арттыру. Аударма және іс жүргізу құжаттарының деңгейін кеңейту. Сонымен қатар мемлкеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны жұмыс барысында қолдану.

Култанов Байболат