МТРА жаңалықтары

М.Жұмабаев ауданының тұрғындары Елбасы Жолдауындағы міндеттерді орындауға әзір

Жәмилә Досова – Медвежинка орта мектебінің мұғалімі, М.Жұмабаев ауданы:

– Мен 30 жыл бойы ұстаз болып қызмет етіп келемін. Қарап отырса, Елбасымыз әр Жолдауында бізге, мұғалімдерге, білім саласына өте көп көңіл бөледі. Үнемі жалақымызды көтеріп отырады. Әрине, бұл біздің алдағы уақытта жемісті жұмыс жасауымызға үлкен ықпал етеді. Елбасына деген алғысым шексіз.

Бұл жиынға аудан басшылығы, жергілікті тұрғындар мен бірнеше сала қызметкерлері қатысты. Олар Елбасы Жолдауын талқылап, жүктелген міндеттерді орындауға тоқталды.
Аудан әкімі Асқар Бегманов жұртшылықты мүлікті заңдастыру науқанына белсенді ат салысуға шақырды. Ал қаржы және экономика бөлімінің мамандарына ауданның шығындарын қайта қарастыру қажеттігін тапсырды.

Асқар Бегманов – М.Жұмабаев ауданының әкімі:

 

– Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке қатысты жұмыстарды жандандырып, көбейтуіміз керек. Сол себепті, қаржы бөлімінен аудан экономикасын дамытуға байланысты ұсыныстар күтемін. Кәсіпкерлік бөліміне «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру мақсатында инвесторларды тартуды тапсырамын. Біз – Ресей елімен шекараласып жатқан аудандардың біріміз. Осы тұсты да тиімді пайдалануымыз қажет.

Бүгінде М.Жұмабаев ауданында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар сәтті іске асуда. Мәселен, «Жұмысмен қамту жол картасы-2020» жобасымен аудан кәсіпкерлеріне биыл жалпы сомасы 65 млн теңгеден асатын 40 шағын несие берілген.

Айгерим Ержанова