МТРА жаңалықтары

Желтоқсанда ауа температурасы минус 38 градусқа дейін төмендейді

Гүлзат Ғазиева – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің басшысы:

-Екінші онкүндік ауа температурасының ауытқуы байқалады. Түнде 8 … 13 аяздан 17 …22аязға дейін. кей жерлерде 28 аяз болады. Ал, күндіз 0..5 аяздан 10…15 аязға дейін, кей жерлерде минус 20 градус аяз болдаы.

-Қыстың нағыз сарышұнақ аязы желтоқсан айының үшінші онкүндігінің басында күшейеді деп отыр. Синоптик мамандардың айтуынша осы уақытта ауа температурасы күр төмендейді деп күтілуде.

Дәл осы уақытта кей жерлерде қар жауып, үскірік аяз күшейеді. Қатты соққан желдің соңы алай-дүлей боранға ұласады.

Гүлзат Ғазиева – “Казгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің басшысы:

-Елеулі аяздарды үшінші онкүндіктің басында тосуға болады. Осы кезеңде ауа температурасы түнде 23..28, кей жерлерде 33..38 аязға дейін төмендейді.

Осы айда түскен жауын-шашын мөлшерге сай.
Егер тарихи мәліметтерге үңілсек желтоқсандағы ең жылы күн 1967 жылдың 9 жұлдызында тіркеліпті. Онда сынап бағанасы +3,7-ні көрсеткен. Ал, ең аязды күн 84-ші жылдың оныншы желтоқсанында тіркелген. Онда сынап бағанасы минус 43 градусты көрсеткен.

 

 

Култанов Байболат