Білім

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Надежда Хакимова – Түмен мемлекеттік университеті халықаралық қатынастар басқармасының жетекшісі, РФ:

-Қашықтықтан оқытудың тиімділі көп. Жыл санап біздің университетте оқитын қазақстандық студенттердің саны артып келеді. Олар негізінен экономика, кеден ісі және заң мамандықтарын таңдайды.

Анжела Воловик – Түмен мемлекеттік университетінде қашықтықтан оқып студенттердің бірі. Ол экономика мамандығын меңгермекші.

Анжела Воловик – студент:

-Маған бұл оқыту жүйесі өте тиімді. Барлық тапсырманы үйде орындауға болады. Бәрі де сапалы түрде атқарылады.

Қазірде колледж бен түмендік жоғары оқу орны ғылыми-тәжірибелік бағытта бірлесе жемісті жұмыс атқарып келеді. Екі оқу орнының оқытушылары өзара шеберліктерін де шыңдап тұрады. Бүгінгі жиында педагогтар екі ел арасындағы татулықты нығайту жайын талқылады. Бүгінге дейін Петропавл қаласындағы Түмен мемлекеттік университеті өкілдігін солтүстікқазақстандық 800-ден аса студент тәмамдап, диплом алған.

 

 

Бакыт Садуакасов