Құқық қорғау органдары

Өңірімізде “Тең мүмкіндіктер жолы” атты республикалық акция өтуде

Пақтабек Сәлімбеков – қала тұрғыны:

-Мүгедектер белгісіне қарамай аумаққа басқа көлік иелері кіріп кетеді. Сосын бізге машиналарымызды қоятын жер таппаймыз.

Осы орайда желтоқсанның 2-сінен ел көлемінде “Тең мүмкіндер жолы” атты акция жүргізілуде. Құқық қорғау қызметкерлерінің мақсаты – мүгедектерге арналған белгіні елемей тәртіп бұзған тұлғаларды анықтап, жауапкершілікке тарту.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІБ ӘПБ аға инспекторы:

-Ережені бұзған адамдарға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл дегеніміз шамамаен 100 мың теңге. Жалпы өңірімізде мүгедектерге арналған 88 белгі бар. Олардың көпшілігі сауда орындары мен ауруханалар аумағында орналасқан.

Жалпы, облыстағы жолда жүру ережесін бұзуға қатысты статистикаға тоқтала кетсек. Жыл басынан өңірде 163 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Одан 21 адам қаза тауып, 183-і түрлі дене жарақаттарын алған.

 

 

Култанов Байболат