Құқық қорғау органдары

“Эталон” жанар-жағармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған ұрылар қолға түсті

Сағындық Жантеміров – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

-Бұл қылмысты ашу барысында жедел іздестіру шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде Қызылжар ауданының екі тұрғыны құрықталды.

Қолға түскен баукеспелер 1978 және 90-шы жылы туылған қала маңының тұрғындары. Біреуі бұған дейін ұрлық үшін сотты болған. Қолға түскеннің екеуі де нашақорлар. Ұрланған ақшаны есірткі мен ойын-сауыққа жұмсаған. Ал бұл қылмысқа не итермеледі деген сұраққа жауап беруден олар үзілді-кесілді бас тартты.

Қазір екеуі де уақытша ұстау изоляторында. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 192-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егер кінәләрі дәлелденсе ұрылардың мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Риат Шони