Қоғам

Өңірде бірінші желтоқсаннан бастап көгілдір отын қымбаттады

Любовь Ярышева – қала тұрғыны:

 

-Біз бір айда 3 текше метр газ қолданамыз. Бұл жолдасым екеуміздің тұрмысымызға толықтай жетеді. Көгілдір отын бағасының артуына байланысты енді біз оған айына 1 мың теңгеден аса ақша төлеу қажетпіз.

Доллардың шарықтауы газдың да қымбаттауына әкелді. Өйткені, жергілікті “Горгаз-сервиз” серіктестігі көгілдір отынды американдық “Теңізшевройл” компаниясынан сатып алады. Есеп айырысу валютасы – доллар.
Мәселен, бір тонна газдың бағасы 185 АҚШ долларын құрайды.
Ал,петропавлдықтар қыстың әр айында шамамен 400 тонна пропан пайдаланады екен. Қала тұрғындарын осыншама көлемде газбен қамтамасыз ету үшін 30 миллион теңге қажет.

Юрий Шишкин – “Горгаз-сервиз” ЖШС директоры:

-Үстіміздегі жылдың бірінші желтоқсанынан бастап көгілдір отынның құны 5%-ға өсті. Енді тұрғындар газдың бір текше метрін пайдаланғаны үшін 408 теңге төлейді. Көгілдір отынның қымбаттауына еліміздегі ең ірі мұнай газ компаниясының доллармен сауда жасауы ықпалын тигізіп отыр.

Қазір қалада газды 54 000 мыңнан аса адам пайдаланады. Көгілдір отын барлығы 708 баспанаға тартылған.
Негізінде қыста жағылатын пропан газының құны ағымдағы жылдың наурыз айында 15 пайызға төмендеген екен.

 

 

Култанов Байболат