МТРА жаңалықтары

Облыс активі Жолдауды талқылады

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

-Индустриаландыру күні аясында жақын күндері облысымызда жылдам дайындалатын таңғы астар әзірлейтін өндіріс іске қосылмақ. Оны «Радуга» кәсіпорны жүзеге асыруда. Мұндай тауарлар Қазақстанда осыған дейін жасалмаған. Тек Ресейден импортталып келген болатын. Енді өзімізде де дайындалады. Тағы өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған және заманауи көлік-логистикалық орталықтардың құрылысы жүргізілуде. Шетелдік инвесторлармен де ортақ жобалар жүзеге асырылатын болады. Бұдан бөлек қазір өңірде тоқтап тұрған өндіріс орындарын қайтадан іске қосу жұмыстары қолға алынған.

Жиында облыс әкімі теріскейде мемлекеттік жеке меншік серіктестікті дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты. Бұл ретте жақсы нәтижелер де жоқ емес, бар. Айталық, бүгіндері аталмыш жоба бойынша облыс орталығында 1 балабақша тапсырылып, тағы 2-уінің құрылысы жүргізілуде. Десе де, солардың санын еселей түсу қажет. Бұлардың барлығы стратегиялық құжатты орындауға бағытталған оң істердің бір парасы ғана. Қалғандары жайлы жиынға қатысқан қаржыгерлер, кәсіпкерлер, зауыт қызметкерлері мен диқандар баяндады. Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченко Елбасының айтқан басымдықтарын толық қолдайды.

Геннадий Зенченко – «Зенченко и К» КС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері:

-Президент өз Жолдауында олқылықтарды көрсетіп, оларды шешу және еліміздің әрі қарайғы даму жолдарын көрсетті. Елбасы айтып кеткендей, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары біз бұдан да қиын жағдайда өмір сүрдік. 90-шы жылдардың басында өндіріс орындары ақсап, жарық болмады, жұмыссыздық белең алған болатын. Соның өзінде біз мойымадық, сол қажырлы еңбектің нәтижесі міне, қазір еліміз көркейіп, дамуда. Сондықтан, бұл қиындықтарды да бірігіп еңсереміз. Оған сеніммен қарау қажет.

Мемлекет кәсіпкерлердің аяқтан нық тұруына қолдау танытты. Оның да бір қайтарымы болуы керек. Енді, «алма піс, аузыма түс» деп көмекті тосып қол қусырып отырмай, өздігінен әрекет етудің кезі келді. Мұны маңызды құжатты тыңдап, оны жүзеге асыруға кіріскен әр солтүстікқазақстандық біледі. Сондықтан, ортақ үйіміз – Қазақстанның одан әрі дамып, нығаюуы жолында олар ауқымды еңбек етпек.

Серік Малаев – «Ақселеу» ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

-Қазіргі кезде біздің егін алқаптарында заманауи техникалар істеп жатыр. Биылғы жылы тоқ басына 5 мың тонналық бидай сақтайтын қоймалар қойдық.Біз егінді дер кезінде жианп алып, оны кептіріп,тұқым әзірледік. Қазір мемлекет тапсырмасы бойныша мал шаруашылығын да дамытып отырмыз.

Жомарт Қажырақымов- “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры:

-Президлентіміз өщінің жолдауында 5 бағдардлама қойды. Соның алғашқысы қаржы саласына қатысты болып отыр. Осы 10 айдың ішінде банктер 75 млрд теңге несие берген екен. Ол банк жүйесіне қосқан бір үлес деп ойлаймын.

 

 

Магжан Ахмадина