Қоғам

Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті тиімді пайдалану қажеттігін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Для разгрузки бюджетных расходов надо активнее применять механизмы государственно-частного партнерства. Нужно проработать дополнительные меры по поощрению частных инвестиций в приоритетные сферы экономики. Важно шире привлекать частных инвесторов не только к строительству дорог, газопроводов, больниц, школ и других объектов, но и к их реконструкции и техобслуживанию.

Жергілікті кәсіпкер Балдырған Ілиясов Президенттің ұсынған дағдарыстан шығу жолдары мен идеяларын қуаттап отыр.
Отыз жылдан артық мұғалім болып еңбек еткен ол екі жыл бұрын жеке бинеспен айналысуды жөн көрген. Бүгінде оның мемлекеттің қолдауымен ашылған екі бірдей балабақшасы бар.

Балдырған Ілиясов, “Баларман” ЖШС директоры:

-Бірнеше мемлкеттік бағдарламаның көмегімен несие рәсімдедім. Бүгінде ашқан қос балабақшам халықтың игілігіне жұмыс жасап тұр. Елбасымыз мемлкеттік-жеке меншік серіктестік жайында жақсы айтып кетті.

Бизнесменнің мақсаты тек пайда табу ғана емес. Ол еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты жасынан патриоттық рухта тәрбиелеуде аянбай қызмет етемін дейді.

Балдырған Ілиясов, “Баларман” ЖШС директоры:

-Балалардың тәбиесіне қатты көңіл бөлеміз. Себебі олар өз елі Қазақстан жайлы айтып мақтанып жүретін париоттар болуы шарт.

“Баларман” балабақшаларында бүгінде 150 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мекемелерде 48 адам жұмыспен қамтылған.

 

Акбопе Танирберген